Дүйсенбі, 06 мамыр, 20:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру

10.11.2021

583 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жолдап, оның ішінде жеті негізгі басымдыққа тоқталып өтті. Соның ішінде «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру» бағыты да сөз болды.

Әуелі барлығыңызға түсінікті болу үшін «экожүйе» түсінігіне тоқталып өткенді жөн көрдім. Ғалымдар бұл сөзді «тұрақты күйге ұмтылатын, өзін-өзі реттейтін жүйе» деп тұжырымдайды. Ал бұл экожүйені өзгеріске әкелетін негізгі фактор ол адамдардың іс-әрекеті. Әсіресе, қоғамның дамуы, яғни қалалардың өсуі, өндіріс орындардың көбеюімен адамдардың экожүйеге әсері күшейе түскен. Сондықтан Мемлекет басшысының назар аударған «тиімді экожүйе қалыптастыру» мәселесі экожүйенің өзгеріске ұшырауымен байланысты.

Соңғы екі жылда пандемия салдарынан қашықтан жұмыс істеу тәсілі қарқын алғаны белгілі. Әсіресе, білім беру саласы осы әдістің қиыншылықтарына тап болды. Еліміздегі цифрландыру мен автоматтандыру үдерісі заман талабына ілесе алмады. Бұл жайттар жаңа мамандықтарға сұраныс тудырды. Осыған орай, Президент жаңа кәсіптерді игеру арқылы ғана бәсекеге қабілетті болатынымызды айтып өтті.

 «Жаппай цифрландыру үдерісі интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа үлгісін алып келді. Такси жүргізушілері, курьерлер және басқалар – осының жарқын мысалы. Бұл сала әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамту және салық салу тұрғысынан мемлекеттің қолғабыс етуіне мұқтаж болып отыр», – деді Қазақстан Президенті.

Шынында, интернет-платформалардың дамуы көптеген саланың жұмысына оң ықпал етіп отыр. Бүгінде кез келген адам сауда, тасымал, банк қызметінде цифр­ландырудың тиімділігін көруде. Ал әлеуметтік сала мен медицина, зейнетақымен қамту мәселесінде цифрландыруды әлі де болса жетілдіруді қажет етеді. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға байланысты жасаған жетекші партияның ең ірі қадамдардың бірі.

Дамудың жоғарғы сатысына көтерілген елімізде біздің партия жүйелі өзгерістер мен реформаларды заман талабына сай жасап келеді. Жоғарыда айтқанымдай, еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру бойынша да ауқымды дүниелер алда жасала бермек. Бұл бағыттағы жұмыстар өз кезегінде біздің мықты әрі заманға ілесе алатын алдыңғы қатарлы мемлекет болуымыз үшін маңызды рөл атқарады.

Бүгінде еліміз бойынша мыңдаған жұмыс орны ашылып жатыр. Ал ағымдағы жылы облыс бойынша сайлауалды бағдарламада 13,2 мың жұмыс орынын құру жоспарланған еді. Есепті кезеңге 27,6 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 14,1 мыңы тұрақты орындар. Мұның барлығы халықтың әл-ауқатын арттыру үлкен маңызға ие. Сондықтан «Nur Otan» партиясы аталған жұмыстарға басымдық беріп келеді. Бұл жайында қоғамдық қабылдауларда да көбірек айтып, халықты ақпаратандырып келеміз.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

облыстық мәслихатының депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: