Бейсенбі, 30 қараша, 13:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2001)
28.11.2023
PDF мұрағаты

Қызылордалық сайлаушылардың 28,8 пайызы өз таңдауын жасады

10.01.2021

4640 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына аймақ халқы белсенді қатысуда. Қазіргі уақытқа дейін яғни сағат 11:00-де сайлаушылардың 28,8 пайызы өз таудауын жасады. Яғни, 141983 адам дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

Жалпы, облыста сайлаушылардың саны – 492198. Бұл аймақ халқының 60,7 пайызы. Өңірде 376 сайлау учаскесі бар. Сайлау комиссиясының 2821мүшесі қызмет көрсетуде. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен болатын. Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, қарт кісілер және науқастығы бар азаматтар үшін жылжымалы жәшік қызмет көрсетуде.

 

Жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: