Сейсенбі, 03 ақпан, 21:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Тоқаевтың тапсырмасын уақытында орындамаған вице-министр қызметінен босатылды

24.04.2022

598 0

Берік Қамалиев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Батыс Қазақстан обылысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін Қазақстан республикасы үкіметінің қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.


Айта кетейік, бұған дейін Берік Қамалиев премьер-министрдің кеңесшісі, көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, көлік және коммуникация министрі, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: