Конституция

Жексенбі, 28 маусым, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48 (2260)
27.06.2026
PDF мұрағаты

Жарқын болашақ өз қолыңда

04.05.2026

188 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Үздік билборд» байқауы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында психоактивті заттарды қолдану мен таратудың зияны туралы түсінік қалыптастырып, қоғамда есірткіге қарсы тұрақты көзқарас орнықтыру. Сонымен қатар жастарды денсаулықты бағалауға, жеке жауапкершілікті сезінуге және саналы өмір салтын таңдауға үндеу.

Байқауға облыстағы білім беру ұйымдары белсенді қатысты. Әрбір оқу орны тақырыпқа сай авторлық билборд жобаларын ұсынып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар әзірлеген жұмыстар мазмұндылығымен, креативті шешімдерімен және әлеуметтік маңыздылығымен ерекшеленді.

Дайындалған билбордтар білім беру ұйымдарының сыртқы қабырғаларына орналастырылып, көпшілік назарына ұсынды. Нәтижесінде оқушылар мен студенттер ғана емес, қала тұрғындары мен қонақтары да есірткіге қарсы бағытталған үндеулермен танысуға мүмкіндік болды.

Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы №144 орта мектеп, Жалағаш ауданындағы №115 орта мектеп, Шиелі ауданындағы №244 орта мектеп, Жаңақорған ауданындағы №239 орта мектеп және Қармақшы ауданындағы №269 орта мектеп І орынға ие болды.

Ал ІІ орын Қармақшы ауданындағы №111 орта мектепке, Жаңақорған ауданындағы №221, №52, №169 орта мектептерге және Шиелі ауданындағы №49 орта мектепке бұйырды.

ІІІ орынға Шиелі ауданындағы №50 және №45 мектеп-гимназиялар, Арал ауданындағы №260 орта мектеп, Қазалы ауданындағы №234 орта мектеп және Жаңақорған ауданындағы №256 орта мектеп лайық деп танылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар жастар арасындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, шығармашылық белсенділікті арттыруға және есірткінің зияны туралы ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал етеді. Сонымен қатар бұл бастама өңірде салауатты өмір салтын дәріптеу мен есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

Жарқын болашақ өз қолыңда
Жарқын болашақ өз қолыңда

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: