Сенбі, 20 сәуiр, 01:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Бокс: Азия чемпионаты мәресіне жетті

28.01.2023

803 0

Таиланд астанасы Бангкок қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Күрзі жұдырықтылар сайысында Қазақстанның ерлер құрамасы он бір медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, үшеуі күміс және бесеуі қола. Ал көш басындағы Өзбекстан құрамасы тоғыз алтын жүлдені еншіледі. Үздік үштікті 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медалі бар Филиппин қорытындылады.

Байрақты бәсекеде Қазақстанның қыздар құрамасы екі алтын, 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздіктер қатарынан көрінді. Көш басында Өзбекстан құрамасы тұрса, екінші орында жарыс қожайындары Таиланд, ал үшінші тұғыр біздің елдің бұрымдыларына бұйырды.

Тайландта талайлардың мысын басып, таланттарын танытқан тарланбоздарға бәрекелдіден басқа айтарымыз жоқ. Бұл өлшеусіз еңбек пен тынымсыз жасалған жаттығулардың жемісті сәті екені көпке аян. Олардың қатарында Сыр спортшылары да бар. 

 54 келіде салмақта қолғап түйістірген Қызылорда қаласының жас былғары қолғап шебері Нұрсұлтан Алтынбек финалда Филиппин боксшысы Флинт Джараны 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы болды.

Айта кету керек, бәсекеге елімізден әр салмақ дәрежесі бойынша барлығы 13  қолғап шебері бақ сынасты. Оның ішінен Қазалының тумасы Гүлсая Ержан да (81 келі салмақта) тайландтық қарсыласын жеңіп, әйелдер арасынан Азия чемпионы атанды.

Сыр елі осындай спорт тарландарыменде мақтанады. Сыр елі спорттан тәжірибелі аймақ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл қазақ боксының жаңа биікке көтерілгені.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: