Бүгін Жаңақорған ауданындағы Алпамыс батыр атындағы дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде еркін және әйелдер күресінен спорт жанашырлары Ғалымжан Бердиев пен Анарбек Омаровты еске алуға арналған еркін күрестен 2013-2014 жылы туылған жасөспірім ұлдар және 2012-2013 жылы туылған жасөспірім қыздар арасындағы республикалық турнир басталды.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов, еркін күрестен ұлағатты ұстаз, бапкер Орынбек Жолшиев, Ғалымжан Бердиевтің бауыры Жомар Бердиев қатысып, жас балуандарға ақжарма тілектерін білдірді.
Биыл аталған турнир 10-шы мәрте ұйымдастырылып, өткізілуде.
Байрақты бәсекеге Қырғызстан Республикасынан, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан келген 8 команда құрамындағы 250-ге жуық спортшы қатысуда.
Жарыс 16 мамыр күні қорытындыланады.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
