Дүйсенбі, 07 қазан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

FIFA жыл футболшысын атады

18.12.2020

4273 0

Халықаралық футбол федерациясы («FIFA) онлайн-форматта өтіп жатқан ресми ашылу рәсімінде жыл қорытындысын шығарды. Ерлер футболындағы жылдың үздік ойыншысы болып Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол осы жүлдеге таласқан «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді басып озды. Марапаттау рәсімінің онлайн форматына қарамастан, FIFA президенті Джанни Инфантино марапатты жеңімпаздың қолына тапсыру үшін Мюнхенге келді.

Бұл – 32 жастағы футболшының алғашқы марапаты. Ал сыйлықтың бұдан бұрынғы иегері Лионель Месси еді. 2020 жылы Левандовски «Бавария» құрамында чемпионатты және Германия кубогын жеңіп алып, УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Роберт Бундеслиганың да, Чемпиондар лигасының да үздік бомбардирі болды.

FIFA марапаты француздық France Football басылымы ұсынатын «Алтын доп» сыйлығынан өзгеше. 2020 жылы журнал ең жақсы ойыншыны таңдамауға шешім қабылдаған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: