Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Футбол: Қазақстан Франциядан ұтылып қалды

28.03.2021

3427 0

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында елордада өткен Қазақстан және Франция кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

FIFA жариялаған соңғы рейтингте Франция екінші орында тұр. Ал Қазақстан онда 122-орында келеді.

Бүгінгі ойында соңғы әлем чемпионы – Франция емін-еркін қимыл көрсетті. Алғашқы минуттан шабуыл шебіне көбірек көңіл бөлді. Алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осылайша тізгінді қолға алуға тырысты. Қазақстандықтар негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, қарсыластар шабуылына төтеп берді. Дегенмен 19-минутта француздық шабуылшы Усман Дембеле қазақстандық құрама қақпасынан саңылау тапты. Ал 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды.

Екінші кезеңде француздар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Десе де діттеген мақсатына жете алған жоқ, Тіпті, атақты футболшы Килиан Мбаппе алаң иелері қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кетті. Оның тепкен соққысын қазақстандық қақпашы Александр Мокин сыртқа шығарып үлгерді.

Кездесуде Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша төрт ұпаймен турнир кестесінде көш басына шықты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 31 наурызда сырт алаңда Украинамен шеберлік байқасады. Сол күні сырт алаңда Франция Босния және Герцоговинамен жасыл алаңға шығады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: