Бейсенбі, 07 қараша, 10:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Головкин Канелоға әжептәуір ақша қарыз – Америкалық журналист

26.03.2021

4190 0

Америкалық Boxingnews24.com басылымының журналисі Анхель Флауэрс орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның негізгі қарсыласы, мексикалық Сауль Канело Альварестің табысын салыстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистің мәліметінше, Геннадий Головкин Канелоға әжептәуір сомада берешегі бар. Себебі ол онымен өткізген екі жекпе-жекте де айтарлықтай табысқа қол жеткізген деседі. Головкин тартысқа толы екі айқаста жалпы табыстың 90 пайызын алған. Кейбір дерек көздері бойынша бүгінде GGG-дің жинаған қоры – 30-35 млн долларды құрайды. Салыстырмалы түрде алғанда, Альвареске Авни Йылдырыммен өткізген соңғы жекпе-жегі үшін 20 млн доллар берілді. Сондай-ақ Каллум Смитпен өткізген шаршы алаңдағы ұрысында да дәл сондай сомада сыйақы табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең есеппен аяқталды. Десе де, қарымта айқаста төрешілердің басым даусымен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Енді екі былғары қолғап шеберлерінің «Трилогиясы» қашан болатыны белгісіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: