Сенбі, 20 сәуiр, 11:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

28.12.2020

8859 0

Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуздың жазуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2021 жылдың мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтасуға шығуы қарастырылып жатқан үш үміткердің бірі. Бұл – DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім аясындағы айқас болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім бойынша бірінші айқаста «Канело» WBA/WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта WBC желісі бойынша міндетті үміткер Авни Йылдырымға қарсы шығады. DAZN-мен келісімшарт аясында екінші жекпе-жек үшін «Канело» жұдырықтасуға шығатын үш қарсылас бар: Билли Джо Сондерс, Калеб Плант, Геннадий Головкин», – деп жазады автор.

Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзі кіммен жекпе-жекке шығуды қалайтыны туралы жауап берген. Боксшы өзіне ұсынылған қарсыластар – Головкин және Мейвезердің арасынан екіншісін таңдады. Геннадий Головкин 19 желтоқсанда Голливудта жекпе-жек өткізді. Онда қазақстандық боксшы Польша спортшысы Камил Шереметаны жеңіп, орта салмақта титулдық белдікті қорғау саны жағынан рекорд орнатты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: