Бейсенбі, 28 наурыз, 19:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Головкин титулдарын қорғап, рекорд орнатты

19.12.2020

4988 0

Геннадий Головкин мен польшалық боксшы Камил Шереметаның жекпе-жегі өтті. 

Жерлесіміздің басымдығы бірінші раундтан-ақ көрінді. Ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші, төртінші және жетінші раундта да Шеремета құлап, қайта-қайта тұрумен болды.

GGG жекпе-жекті кез келген раундта аяқтауға әзір болғандай, алайда бокс жанкүйерлері үшін шоу жасағандай көрінді. Бірақ жетінші раундта Шеремета техникалық нокаутқа түсті. Оның командасы сегізінші раундқа шығудан бас тартты.

Головкин осымен IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғады. Бұл рекорд болып отыр.

Жекпе-жектен соң жерлес спортшы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: