Сенбі, 20 сәуiр, 10:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

«Мерейлі отбасы» спартакиадасы өтті

12.09.2021

1232 0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талсуат оңалту орталығында ерекше жандар арасында «Мерейлі отбасы» спартакиадасы болып өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спартакиада мақсаты дене тәрбиесін насихаттау, ерекше жандар арасында салауатты өмір салтын ұстануға назар аудару болып табылады.

Спартакиаданы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Барлығы үш топқа бөлінген жарысқа қатысушылар «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Картоп егу», «Допты торға», «Көңілді әуе шарлары» кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Барша белсенді қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: