Бүгін Париж олимпиадасында ел намысын қорғап, Қазақстан қоржынына алтын мен күміс түсірген Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Оларды қазақстандықтар Алматы әуежайында қарсы алды. Онда дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйланды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Өте тамаша атмосфера. Әрине, Олимпиада ойындарының алдын аламын деп барғанмын, бірақ қолдан келгенді салдым. Бұйырғаны қола болды. Бәрі жақсы болды. Барша қазақ еліне алғысымды білдіргім келеді», – деді спортшы.
Автокөлікті Алматы қаласы дзюдо федерациясы Али Хамхоев пен Ержан Зайдинов сыйлаған. Оның маркасы – Toyota.
Бұл көліктің нарықтағы бағасы 40 миллион теңгеге дейін барады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!