Жұма, 29 наурыз, 01:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жеңімпаз оқушылар марапатталды

17.11.2022

1460 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылындағы мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі спартакиада жарысы басталған еді. Бүгін Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейінде волейбол қыздар және тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Қыздар арасында өткен волейбол спорт түрі бойынша жүлделі І орын Абай атындағы ДБА мектеп құрамасына бұйырды. Ал, ІІ орынға С.Әлжіков атындағы №144 орта мектеп жайғасты. ІІІ орынға Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі лайық деп танылды. Сонымен қатар, «Жеңіске деген жігері» үшін номинациясымен №138 орта мектеп марапатталды.

Ал, екі күнге созылған тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша бүгін жеңімпаздар анықталды. Жүлделі І орын Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды. ІІ орынға С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің командасы жайғасса, ІІІ орынға С.Лапин атындағы №261 орта мектептің командасы лайық деп танылды. «Жеңіске деген жігері» үшін номинациясымен Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейдің командасына бұйырды.

Сонымен қатар, оқушылар «Үздік ойыншы», «Үздік либеро», «Үздік шабуылдаушы» номинацияларымен марапатталды.
Айта кетейік, оқушылар спартакиада аясында желтоқсан айында шахмат спорт түрі бойынша сынға түсетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: