Сенбі, 20 сәуiр, 15:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ішімдіктен түбегейлі бас тартқан ауылды білесіз бе?

05.01.2023

445 0

Фото: findle.top

Қарағанды ​​облысындағы Тікенекті ауылының тұрғындары бір жыл бұрын ішімдіктен толық бас тартқан болатын. Нәтижесінде аймақта жыл ішінде бірде-бір жағымсыз жайттар орын алмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.


Тікенекті ауылы Қарағанды ​​облысы Нұра ауданында орналасқан, Сарыөзен ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып табылады. Оның 226 тұрғыны бір жыл бұрын арақ-шараптан бас тартуға бел буған. Олар мерекелік дастархандардағы ішімдіктің орнын денсаулыққа пайдалы ұлттық сусын қымызбен алмастырған. 


Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмір Бүркітбаевтың сөзінше, ауылда арақ сатылмайды, тіпті оны ішетін бірде-бір тұрғын жоқ. Ол алкогольсіз де жақсы өмір сүруге болатынын және өзге де ауылдарға бұл тәжірибені ұсынатындарын айтты.


Тікенектіні арақ-шараптан арылтуды әкім мен учаскелік полиция қызметкері ұсынысған. Мұны тұрғындар да, жергілікті кәсіпкерлер де жоғалтатын пайдаларына қарамастан қолдаған.  


«Біз ішімдік сатпаймыз, оған сұраныс та жоқ. Полиция қызметкері бізді жиі тексеріп тұрады. Баламмен жасты, өз ісіне адал жаннан сөгіс алғым да келмейді»,- деді кәсіпкер Рысты Сәрсекеева.
Ауыл учаскелік инспекторы Әлібек Оспанов мұның бірлескен шешімнің нәтижесі екендігін айтады.
«Әкім екеуміздің көтерген бастамамызды қоғамдық кеңес төрағасы қолдады. Қазір бұл бағытта бірлесе жұмыс істеудеміз. Жастарымыз дұрыс, салауатты өмір салтын ұстанып, қылмыстан аулақ болса дейміз», – деді ол.


Тұрғындардың айтуынша, халықтың ішімдікке тыйым салуының арқасында Тікенектіде жыл ішінде ешбір қылмыстың көлеңкесі болмаған. Жақсы көрсеткіші үшін үлгілі ауылдың әкімін Ерлан Оспановты Ішкі істер министрлігі «Тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттаған.

bugin.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: