Сәрсенбі, 03 шiлде, 23:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

«Музей – рухани білім беру алаңы»

17.11.2021

849 0

Ақмешіт филиал музейі қазан, қараша айларында шежірелі Сыр елінің тарихын насихаттау мақсатында Абай атындағы үштілде оқытатын дарынды балаларға арналған сыныптары бар мектептің оқушыларына «Туған өлке тарихы» атты қала музейлері мен көрікті орындарға тарихи-танымдық экскурсиялық саяхат ұйымдастырды.

Сыр өңірінің тарихымен танысу барысында оқушылар Алашқа ана болған Сыр елі мұралары мен әрбір ескерткіштің маңызы, құндылығы жайлы мәлімет алып, көне жәдігерлерді көзбен көріп, ерекше әсер алды. Экскурсияның мақсаты оқушыларға музейлермен тарихи көрікті орындарды көрсету, тарихымыздың өте терең және бай екендігін «Ұлы жібек жолында» орналасқанын, Сыр алаштың анасы, Сыр елі – жыр елі екенін сипаттап, түсіндіру, естерінде сақталуды қалыптастыру. Экскурсия облыстық тарихи – өлкетану музейінен басталып, Жанқожа батыр ескерткіші, темір жол вокзалы және Ақмешіт музейінде жалғасты.

Одан әрі қарай Тағзым алаңы, Аналар аллеясы мен Батырхан Шөкенов атындағы саябаққа барды. Оқушылар экскурсия барысында мол мағұлматтар алып, ұйымдастырушыларға алғыын білдірді.

Гүлзира ӘУБӘКІР

«Ақмешіт» музейінің ғылыми қызметкері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: