Жұма, 29 наурыз, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Нұрлыбек Нәлібаев өнер иелерімен кездесті

24.04.2022

928 0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Сыр елінде өтетін «Қазақтың қаһарман қызы» мерекелік концертіне арнайы келген өнер иелерімен кездесті.

Басқосуға Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның және Қырғызстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген әртістері Сұлушаш Нұрмағанбетова мен Гүлнәр Сиқымбаева және отандық эстрада жұлдыздары Жеңіс Ысқақова мен Айгүл Иманбаева қатысты.

Аймақ басшысы Халық қаһарманы, қазақтың бұлбұлы атанған Роза Бағланованың ізін жалғап, әндерін насихаттауда өнер иелерінің айрықша орны бар екенін жеткізіп, ілтипатын көрсетті.

«Роза Тәжібайқызының Сыр еліндегі мерейтойлық шаралары бүгін, міне, Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концертімен жалғасқалы отыр.Айтулы концертке қазақтың ән өнерін асқақтатып, ұлт мәдениетін көтеруге еңбек сіңіріп жүрген Өздеріңіздің қатысып, өнер көрсетулеріңіз Сыр жұртшылығы үшін үлкен мақтаныш деп білемін. Бүгін Сыр елінде ән мен өнер мерекесі ғана емес, ұлт руханиятының жаңғырған күні десе болады. Өнер көшіндегі Сіздер тұрғанда ән падишасы, қазақтың қаһарман қызы Роза Бағланованың есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіні сөзсіз» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Басқосуда Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев пен Сұлушаш Нұрмағанбетова Роза Бағланованың өнер әлеміндегі қолтаңбасын сөз етіп, Сыр жұртының өнер иелеріне деген құрметі үшін алғысын жеткізді. Мұнан соң, өңір басшысы ұлт өнерінің майталмандарына Сыр халқы атынан сый-сияпат жасап, құрметін көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: