Сәрсенбі, 03 шiлде, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС СЕКТОРЫНДАҒЫ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА.

13.06.2023

478 0

Қаңтар-мамыр айларында Қызылорда облысы құрылыс секторында жоғары өсу қарқынын қамтамасыз етіп, республика бойынша 1-ші орынға шықты. Сондай-ақ, Сыр өңірі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша үздіктер қатарында. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Ұлттық экономика министрі жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін, оның ішінде Қызылорда облысының ілгерілеу динамикасын атап өтті.

«Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,1%-ға ұлғайды. Әсіресе, Қызылорда, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жоғары өсу қарқыны байқалды», – деді ведомство басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: