Жексенбі, 28 сәуiр, 09:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ардагер ұстаз құрмет төрінде

21.02.2023

811 0

Тасбөгет кентіндегі №176 орта мектепте ардагер ұстаз, білім ошағын абыроймен басқарған азамат Аманжол Байманұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Ұстаз жолы – парасат» апталығы ұйымдастырылды. «ҚР білім беру ісінің үздігі» Аманжол Байманұлының 80 жасқа толу мерейтойына арнап мектеп қабырғасында бірнеше шара ұйымдастырылды.

Мерейтой иесінің құрметіне орай қалалық білім бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында химия, биология пәндерінен аймақтық олимпиада, үстел теннисінен мұғалімдер арасында сайыс ұйымдастырылды. Олимпиада мен сайысқа 14 мектептен бар­лығы 53 оқушы мен ұстаздар қатысты. Білім мен спорт сынға түскен сайыстарда жеңіске жеткендерді ардагер ұстаз Аманжол Байманов өзі марапаттады.

Апталықтың қорытынды күнінде ұла­­ғатты ұстаздың «Өртеңде өскен өр­кенбіз» кітабын «Оқуға құштар мектеп» жобасының  мүшелері талдады. Сондай-ақ мерейтой қонақтары мектеп музейінен ашылған «Ұстаздық – ұлы қызмет» экс­позициясының ашылуын тамашалады.

«Үлкеннің жолы – ұлылық, ұрпақтар жүрер ұғынып» тақырыбындағы қоры­тынды кешке облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының орын­басары, облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, қала әкімінің кеңес­шісі, Тасбөгет кентінің әкімі, қала­лық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы, ардагер ұстаздар мен шәкірттері қатысты.

Кент әкімі Семсер Сыздықов ардагер-ұстаз, «ҚР білім беру ісінің үздігі» Аманжол Байманұлының 80 жасқа толу мерей­тойына арналған шарада өзінің ізгі лебізін білдіріп, мерейтой иесіне сый-сыяпат табыстады. Одан бөлек ардагердің өзі ұзақ жылдар бойы қызмет еткен №176 орта мектептің ұйымдастыруымен өткізілген шара барысында қатысушыларға мектептің тарихы, мерейтой иесінің еңбек жолы, оның білім ордасына сіңірген еңбегі баяндалып, жас ұрпаққа өнеге боларлық жақсы әңгімелер айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: