Бейсенбі, 02 мамыр, 11:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Сыр елі жастары»: баспаналы болуға мүмкіндік

10.01.2023

976 0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың бас­паналы болуына барынша жағ­дай жасалуы керектігін айтқан еді. Мемлекеттің басты міндетінің бірі саналатын бұл маңызды іс бүгінде өңірлерде қолға алынуда.  Атап айтсақ, осы уақытта дейін жүзеге асып келе жатқан «Алматы жастары», «Елорда жастары» секілді бағ­дарламалар сол қалаларда еңбек етіп жатқан жастардың бас­паналы болуына үлкен мүм­кіндік еді.

– Бірінші, жас отбасылардың баспаналы болып, қоғамда әлеуметтенуі – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы, Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Өмірбекұлымен бірлесіп, «Сыр елі жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасын қабылдау бойынша 1 ай мерзімде нақты ұсыныстар енгізсін, –  деді аймақ басшысы облыстық жастар форумында.

Өткен аптада облыстық мәслихаттың «Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссия отырысында осы мәселе талқыланды.

Күн тәртібіндегі «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілде­тілген ипотекалық несие беру бағдарламасы туралы мәселе көтеріліп қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекова хабарлама жасады.

– Жас отбасылардың баспаналы болып, қоғамда әлеуметтенуі – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы жастардың баспаналы болуына барынша жағдай жасалу керектігін атап айтқан еді. Осы ретте, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңірінің жастарымен өткен форумда аймақ жастарын қолдау мақсатындағы бастамаларының бірі ретінде осы жобаны жариялаған болатын. Қазіргі таңда мем­лекеттің басты міндетінің бірі санаған бұл маңызды іс өңірлерде қолға алынуда. Өңір жастарын қолжетімді баспанамен қам­тамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатындағы бұл бағдарлама арқылы жүз­деген жастың баспана мәселесін шешу жоспарланып отыр. Бағдарламаның ережесі мен шарттарына тоқталар болсақ, жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады. Жылына 5 пайыздық өсіммен 18 млн теңгеге дейін беріледі. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы және негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. Бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары да ала алады, – деді М.Қазбекова.

Басты мақсат – бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несие санын арттыру. Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас маман­дарды қолдауға арналған тиімді әдіс.

Комиссия отырысында бұл  мәселе төңірегінде депутаттар өзара егжей-тегжейлі талқылап, жастар немесе қатысуға ниет­тілердің арасында түсініспеушілік туындамас үшін жобаны жан-жақты саралап, шешім қабылдауға тиіс екендерін жеткізді.

Сонымен қатар ақпараттық насихатты барынша жүргізу маңызды екендігін айтты. Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселені бірауыздан тұрақты комиссиялардың бірлес­кен отырысының қарауына ұсыну туралы қаулы қабылданды.

А.АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: