Сейсенбі, 23 шiлде, 02:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Субсидия ірі ойыншының табыс көзіне айналмауы тиіс

14.05.2024

396 0

Сурет:inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, биылғы жылдың болжамды егіс алаңы 23,8 млн гектарды құрайды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бидайдың егістік алаңы биыл қысқарады. Майлы дақылды 373 мың, азықтық дақылды 66 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Қазір Қазақстанның кей өңірінде 1,5 млн гектарға дақыл егілді. Ал жаппай науқандық жұмыс мамыр айының екінші онкүндігінде басталмақ.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әкімдіктердің деректері бойынша бүгінгі күні қажетті 2,4 млн тонна тұқымның 99%-ы бар екенін баяндады. Қалған көлем азық-түлік корпорациясының резерві есебінен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бүгінгі таңда шаруаларға барлығы 453 мың тонна тыңайтқыш тиеп-жөнелтілді.
Биылға арналған жоспар 1,5 млн тонна минералды тыңайтқышты құрайды, оның ішінде 900 мың тоннасы отандық зауытың өніміне тиесілі. Министр бұл бағыттағы жұмыс тек Қызылорда облысында ғана толық аяқталғанын тілге тиек етті.
Үкімет отырысында егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 150 мың трактор, шамамен 5 мың жоғары өнімді егіс кешені, 76 мың сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралы бар екені айтылды. Өңірлерден келген ақпаратқа сүйенсек, техниканың дайындығы 98%-ды құрайды.

Мемлекет енді пестицидтердің құнын 50% мөлшерінде субсидиялауға қолдау көрсетпек. Бұл қолайлы фитосанитариялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді. Өткен жылы шегірткеден зардап шеккендіктен биыл 2,5 млн га алаңға химиялық өңдеу жүргізілмек.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдікті дизель отынының көлемі шаруалардың «Gosagro.kz» ақпараттық жүйесі арқылы берген электрондық өтінімі негізінде дайындалып отырғаны айтылды. Фермерлерге биыл берілетін жеңілдетілген дизель отынының құнының литрі 250 теңге деңгейінде сақталды. Бұл нарықтық бағадан литріне 45 теңгеге немесе 15% арзан. Облыстарды тиеп-жөнелту бойынша МӨЗ-ге бекіту кестесі бекітіліп, 52% жөнелтілген.
Биылғы егін науқанын жүзеге асыруға Үкімет 140 млрд теңге бөліп отыр. Форвардтық сатып алу бағдарламасына 40 млрд теңге көзделген. Осыған байланысты Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егіс науқанын дер кезінде сапалы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. АШТӨ тиімді субсидиялауға ерекше назар аудару тапсырылды.
«Субсидияларды бөлу бойынша барлық құқықтар әкімдіктерге берілгендіктен, шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті және тиімді бөлу мәселесін қатаң бақылауға алу қажет. Қаржы осы саладағы ірі ойыншылардың табыс көзіне емес, ауыл тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығарылатын өнім көлемін арттыруға ықпал етуі тиіс», – деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
«Оңтүстік үшін сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды. Су ресурстары және ирригация министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, еліміздің оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», – деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Сыр өңірі Мемлекет басшысының «Суды үнемдейтін озық технологияны қолдану арқылы егістік алқаптарын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту» тапсырмасына сәйкес «Akplas» түркиялық компаниясымен келіссөз жүргізуде. Аталған компания 35 жылдан бері тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғысын шығарумен айналысады.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А.Зебешев сырбойылық диқандар суды үнемдеу үшін лазерлік тегістеу технологиясын қолдану арқылы күріш алқаптарындағы судың шығынын 20 пайызға дейін төмендетіп, алынатын өнімнің үлесін 30 пайызға дейін артқандығын, тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясын пайдалана отырып, суды аз қажет ететін дәнді-дақылдарды егу қолға алынғанын айтып отыр. Нақтырақ айтқанда, тамшылатып суару жүйесі арқылы Шиелі ауданында жүгері, жаңбырлатып суару арқылы Қазалы ауданында мал азығына арналған жүгері, ал Арал ауданында жоңышқа егілуде.
Республикалық бюджеттен зиянкестерімен күресуге биыл 8,1 млрд теңге бөлініп отыр. Мұның өзі диқандардың жұмысына қолбайлау болып отырған шегірткемен күресте оң нәтиже береді деп күтілуде.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: