Жексенбі, 19 мамыр, 15:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Судың да сұрауы бар

07.05.2024

263 0

«Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнының басшысы Бауыржан Әбдіғаппарұлы баспасөз орталығында БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, кәсіпорын теңгерімінде 976,12 шақырым ауыз су жүйелері, 11 дана ІІ-ші су көтеру насос станциялары, 112 ұңғыма, 6 дана су қысымын көтеру насосты станциялары және Тасбөгет кентінде бас су жинау кешені бар.
– Тұтынушыларға 74 ұңғыма арқылы тәулігіне 74-78 мың текше метр ауыз су өндіріліп, таратылып отыр. Ауызсу қажеттілігі артқан уақытта су қысымы 2,4-2,5 атмосфераға дейін көтерілуде. Барлық ұңғыма мен су алу құрылымы жүйелі жұмыс істеуде.
Жаз айларында тәулігіне 100-110 мың текше метр ауызсу өндіріліп таратылады. Оның 62-63,0 мың текше метр ауызсу жер асты су қорынан, қалған 37,0-38,0 мың текше метр ауызсу жер үсті су алу көзінен өндіріледі, – деді кәсіпорын басшысы.
Мекеме басшысының айтуынша, ауызсу сапасы бойынша түсетін шағымның көпшілігі «Арай» шағын ауданы тұрғындарынан түсетінін айтты. Бұл құрылымға 2013 жылы Қызылжарма кен орынынан 13 бірлік ауызсу ұңғымасы бұрғыланып, пайдалануға берілген. Ұңғыма терендігі 470-482метр, 2-ші көтерілімдегі насосты станциясы, көлемі 1000 м3 болатын 4 дана таза су резервуары бар.
– Су жинау резервуарына құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес 2 жылда 1 рет тазартылуы керек болса, Арай су алу құрылымының таза су резервуарлары мен кварталаралық ауыз су жүйелеріне тазарту, жуу, шаю және залалсыздандыру жұмысы бір жылда 2 реттен жүргізілуде. Наурызда жоспардан тыс тазарту, жуу, шаю және залалсыздандыру жұмысы жүргізілді.
Бұған қоса, «Гео-Инвест» ЖШС мамандарымен ауызсу сапасына геологиялық барлау, талдау жұмысын жүргізуге келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта тексеру жұмысы жүргізілуде, – дейді кәсіпорын басшысы.
Жаз маусымындағы су мөлшерінің төмендеп кетуіне көлік жуу бекеттерінің де әсері мол екен. Шынында, қалада көлік жуу орындары көбейіп жатқаны жасырын емес. Бүкіл әлемде су тапшылығына байланысты мәселелер орын алып жатқанда таза ауызсумен көлік жуу жергілікті тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз етуге кедергі келтіретіні шындық. Оның үстіне өзіміз көріп отырғандай дария суы да азайып, тіршілік тынысына деген сұраныс артуда.
– Соған қарамастан ауызсу қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 620 млн теңге бөлініп, межеленген жұмыс орындалды. Жоспарланған 36 ұңғыманың ағымдағы, 14 ұңғыманың және 6 бірлік су қысымын көтеру насос станциясының күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл насос станциялар 63 көпқабатты тұрғын үйлердің су қысымын реттейді.
Жиын барысында кейбір тұрғындар арасында су есептеу құрылғысын негізсіз шешіп алу фактісі кездескенін де тілге тиек етті. Су есептегіш құрылғыны арнайы мекеме қызметкерлері шешпесе, айыппұл төленетіні ескертілді.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: