Сейсенбі, 23 шiлде, 04:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қаржы саласының ардагеріне құрмет

18.05.2024

352 0

Осы аптада қала әкімдігінің актив отырысында қала әкімі Серік Қожаниязов қаржы саласының ардагері Ирина Кимді мерейтойымен құттықтады.
– Жиын экономика ғылымдарының докторы, қаржы саласының ардагері Ким Ирина Леонидқызының 70 жасқа толған мерейтойы құрметіне арналуда. Құрметті Ирина Леонидқызы, саналы ғұмырыңызды қаржы саласына арнап, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қызылорда арнайы экономикалық аумағын құру туралы бастаманы жүзеге асыруға аянбай еңбек еттіңіз. Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына қосқан үлесіңізді Сыр жұртшылығы ерекше бағалайды. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Сізге облыс әкімінің құттықтауын табыстауға рұқсат етіңіз, – дейді шаһар басшысы.
Ирина Ким еңбек жолын Қызылорда теміржол бөлімшесінде инженер-экономист болып бастап, облыстық экономика басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары, арнайы экономикалық аймақ төрағасының орынбасары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, қаржы басқармаларының басшысы, облыс әкімінің кеңесшісі, «Байқоңыр» СПК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
Іс-шара барысында мерейтой иесіне Қызылорда қаласының дамуына қосқан үлесі үшін қаланың ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасы» табысталды. Мерейтой иесін қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Өмірбек Шәменов құттықтап, Қызылорда облысының «Құрметті ардагері» медалімен марапаттады.
– Ирина Леонидқызымен 20 жылдай бірге қызметте болдым. Облыстың экономикасын көтеру бағытында ірі жобаларды жүзеге асыруға үлес қосты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елде өте қиын кезең болды. Сол кездегі Ирина Леонидқызының еңбегі ерен. Қаржы саласын басқару оңай емес. Атқарған әрбір ісі бәріміздің көз алдымызда. Біз үлгі тұтарлық азаматша, – деп мерейтой иесіне тілегін жолдады. Оған қоса, облыстық мәслихат депутаты Балжан Мөрәліқызы және еңбек жолында қызмет атқарған бірқатар әріптестері құттықтап, игі тілектерін жеткізді.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: