Сейсенбі, 23 шiлде, 02:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Мәдениетте мәнді, өнерде өрелі істер бар

21.05.2024

151 0

Сурет: adyrna.kz

Биыл өңірдегі мәдениет саласында тың жаңалықтар жетерлік. Бірқатар нысандар ашылып, пайдалануға берілді. Мұнан бөлек, халықаралық деңгейдегі айтулы шараларда да Сыр өнерпаздары өнер көрсетіп, құрмет пен қошеметке ие болды. Мереке қарсаңында мәдениет пен өнер саласындағы елеулі өзгерістерге қысқаша тоқталғанды жөн көрдік.

– «Ел іші – өнер кеніші» деген аталы сөз қашан да өз мәнін жоймақ емес. «Сыр елі – өнер ордасы» деген атымыз бар.  Жыл басынан бері ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның қатысуымен заманауи 1000 орындық Өнер орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық «Түрксой ұйымының шешімімен Сыр өңіріне түркі дүниесінің «Ең үздік мәдени аймағы» номинациясы берілді. Ақпан айынан бастап облыстағы 171 мәдениет үйі мен клубтарда 7 бағыт бойынша «Адал адам – мәдени-тәрбие орталығы» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Одан бөлек, Әйтеке бидің туғанына 380 жыл толуына арналған «Әділ сөздің алдаспаны» атты тұңғыш республикалық командалық айтыс өткізілді.  Әрине, бұл – бір бөлігі ғана. Әрбір күні мәдениет пен өнермен байланысы бар Сыр халқында мұнан өзге де сан түрлі жетістіктер бар. Әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын, – дейді Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова.

Әлем суретшілерінің басын қосқан «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» атты халықаралық суретшілер симпозумы да өңірдің абырой-беделін арттырған іс-шаралардың бірі. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейі  ҚР Ұлттық музейінде «Қазақ даласындағы Оғыз тарихи мұрасы», «Ғасырлар руханияты» атты көрме ұйымдастырса, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының арнайы шақыруымен Түркия елінің Анкара қаласында, облыстық филармония өнер ұжымы Өзбекстан Республикасы Науаи қаласына шығармашылық сапармен барды. Ал жыраулар мекеніне айналған өңірдің төрінен «Жыраулар үйі» де өнерпаздар мен көрермендерге есігін айқара ашты. Облыстың 7 ауданында музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер, аналар және жастар орталықтарын біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтарының іргетасы қалануда.

Д.ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: