Сейсенбі, 23 шiлде, 02:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Егісті зиянкестен қорғау жұмысы жандануда

25.05.2024

216 0

Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясында ерекше қауіпті шегіртке зиянкестері мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және химиялық өңдеу жұмыстарын атқаратын техниканың дайындығы жөніндегі штаб
отырысы өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының» республикалық мемлекеттік мекемесінің облыстық, аудандық филиалдарының директорлары, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен аудандық аумақтық инспекция басшылары, мердігер мекемелердің директорлары қатысты. Штаб отырысына облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов төрағалық етті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Ерекше қауіпті зиянды организмдер (италиялық прус, азиялық шегіртке) мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар туралы» облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Мұхтар Оразбаев хабарлама жасады.
Оның айтуынша, «Республикалық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ облыстық филиалы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы 2023 жылғы жазғы-күзгі мониторинг қорытындысымен 2024 жылы 49,765 мың гектарға химиялық өңдеу жүргізбек. Қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына 4 арнайы жер агрегаттары, 5 ұшақ қатыстырылмақ. Жалпы өңделетін көлем 49,765 мың гектарды құрайды.
– Облыс аумағында карантиндік нысанға химиялық өңдеу жұмысын жүргізуге «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалынан 2 каффини, 2 трактор, 15 арқалайтын бүріккіш, 1 су тасығыш техника, 1 УАЗ, 1 ГАЗель, 1 Нива қатысуда. Мониторинг жұмысын жүргізуге 33 маман, 14 зерттеуші, 27 автокөлік бөлінген , – деді аумақтық инспекция басшысы.
Жиында зиянкестермен күрес бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесі облыстық филиалының директоры Абай Айтбаев, «SAMGAU AGRO» ЖШС-ның облыс бойынша өкілі Мұрат Бекетов, «АВИАКОМПАНИЯ «ДЕЛЬТА-ЮГ» ЖШС директоры Мұрат Артықов хабарлама жасады.
– Өздеріңізге белгілі, ерекше қауіпті шегіртке зиянкестері мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шараларды уақытылы сапалы ұйымдастыру маңызды.
Осы орайда егіс алқаптарының және жайылымдық жерлердің зиянды организмдерден таза болуын, мол өнім алуын және экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетті, сапалы болуын басты назарда ұстауымыз қажет деп санаймын, – деді штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Б. Жақанов.
Жиында талқыланған мәселелерге қатысты сала басшылары мен арнайы мамандарға фитосанитариялық қауіпсіздікті нығайту жөнінде бірнеше тапсырма жүктеді.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: