Сейсенбі, 23 шiлде, 00:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Мобильді топ жұмысы күшейді

11.06.2024

254 0

Қала әкімдігі мен қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен құрылған мобильді топтың түнгі рейдінде 79 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
– Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 71 ата-анаға қатысты (ӘҚБтК-нің 442) әкімшілік шара көрілді және ата-ананың мiндеттерін орындамаған үшін 1 жасөспірімнің ата-анасына қатысты (ӘҚБтК-нің 127) әкімшілік шара көрілді, – дейді ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар 1 ойын сауық мекеме иелеріне қатысты кәмелетке толмағандардың жүруіне жол бергені үшін (ӘҚБтК-132) шара көрілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Негізгі мақсат – жастар мен жасөпірімдер арасындағы қылмыстың, топтық төбелестердің алдын алу және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын оқыс оқиғаларды болдырмау.
Айта кету керек, мобильді топ құрамында БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, қалалық прокуратура, қалалық қоғамдық даму, білім, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері, ювеналды полиция қызметкерлері мен жастар орталығы мамандары бар.
Жедел топ аралау кезінде қала аумағындағы ойын-сауық орындарын, саябақтар, ойын алаңдары және жастар көп шоғырланатын аймақтарға тексеру жүргізілді. Ал кәсіп иелеріне жадынамалар беріліп, жауапкершілік туралы түсіндірген хабарламалар таратылды.

Тазалық тәртіпке байланысты

Облыс әкімінің тапсырмасымен қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ тазалық шараларының тап-тұйнақтай болуын қадағалайды. Белгіленбеген орынға қоқыс қалдығын төгу, құрылыс қалдықтарын тастау және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, нысан аумағын қалыпты жағдайда ұстамау, арық арналарын ластау, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері бойынша рейд жалғасуда.
Кезекті аралау барысында қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев нысан аумағының тазалығы мен сәулеттік келбетін сақтамаған бірқатар кәсіп иелері мен тұрғындарға ескертулер жасады. Санитарлық тазалығын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Қала тұрғындарын, кәсіп иелерін және құрылыс қызметінің нысандарын өзіне тиесілі аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге шақырамыз және нысанның сыртқы келбетін эстетикалық талапқа сай ұстау қажеттігін ескертеміз, – деді Айдын Бөкенбайұлы.
Тазалық бағытында қыруар тірлік атқарылуда. Кешегі сенбідегі жалпықалалық сенбілік осы сөзімізді айғақтайды. Тазалық шарасы қала орталығы мен шет аумақтағы көшелер, сквер, аллеялар, вокзал, базар аумақтарында өтті.
Сенбілікке 241 мекемеден 1980 адам атсалысып, 16 арнайы қоқыс жинайтын техника жұмылдырылып, тазартылды. Нәтижесінде орталық полигонға шығарылған қоқыс көлемі 200 текше метрге жеткен.
Шаһардың санитарлық тазалық жағдайын, абаттандыру жұмыстарын тұрақты қадағалау бағытында қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топтың жедел рейді де іске қызу кіріскен. Кезекті рейд барысында жұмысшы топпен бірге қалалық мәслихат депутаттары Мақсат Жүсіп пен Маржан Бисенова аралады. Олар қала көшелерін таза ұстауға, қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тазалыққа немқұрайлы қараған кәсіп иелері мен тұрғындарға ескерту жасады.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Қала әкімдігі жанындағы мобильдік топ қалалық прокуратурамен бірлесіп, қала тұрғындарының отбасылық жағдайына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Аталған іс-шара барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жұмыспен қамту бойынша белсенді шаралар туралы ақпарат ұсынылып, әлеуметтік қолдаулар көрсетілетіндігі жөнінде түсіндірілуде.
– Мобильдік топ «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру және кәмелетке толмаған балалардың арасында зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған балаларды анықтау, алдын-алу және жолын кесу мақсатында құрылған, – дейді ұйымдастырушылар.

Су айдындарындағы қауіпсіздік –
басты назарда

Суға түсу маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын қаперде ұстаған абзал. Осы ретте қала көлемінде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Шара барысында қала аумағында халық көп шоғырланатын аумақтар, сауда орындары мен суға түсуге қауіпті аймақтарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындарына су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары туралы 700 үнпарақ таратылды.
Профилактикалық жұмыстарға қала әкімдігі, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, азаматтық қорғаныс басқармасы, жедел құтқару жасағы, апаттық медициналық орталығы, Ұлттық ұлан 5547 әскери бөлімі және БАҚ өкілдері мен волонтерлар жұмылдырылды.

Ақмешіт-ақпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: