Сейсенбі, 17 қыркүйек, 16:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74-2084
17.09.2024
PDF мұрағаты

Әлемде коронавирустың жаңа нұсқасы тарады

17.09.2024

90 0

Сурет: culture.ru

Ғалымдар Covid-тің XEC деп аталатын жаңа нұсқасы бүкіл әлемге тарай бастағанын ескертті. Бұл туралы  BBC арнасы хабарлайды. 

Бұл нұсқа алғаш рет Германияда маусымда табылды, содан бері XEC Ұлыбританияда, АҚШ-та, Данияда және басқа да бірқатар елдерде тіркелді. Мұны америкалық ғалым және Скриппс зерттеу институтының директоры Эрик Топол мәлімдеді. Ол XEC енді тарап жатқанын айтады.

«XEC негізгі ауру түріне айналғаны анық. Бірақ ол қарқынды таралуына бірнеше ай қажет», – деді Тополь.

Ғалымдардың айтуынша, XEC басқа вирустардан тезірек таралатын кейбір мутацияларымен ерекшеленеді. Дегенмен қолданыстағы вакциналар аса ауыр зардаптардың алдын алуға көмектесуі керек деп есептейді.

Фармацевтика өнеркәсібі коронавирусқа қарсы вакциналарды үнемі жаңартып отырады. Бірақ оларды әлі жаңа нұсқаға бейімдеген жоқ.

Лондон университеттік колледжінің генетика институтының жетекшісі, профессор Франсуа Балудың болжамдары бойынша, XEC келесі қыста Covid-19-дың негізгі нұсқасы болуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: