Сейсенбі, 17 қыркүйек, 20:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74-2084
17.09.2024
PDF мұрағаты

Жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты

17.09.2024

118 0

Фото: видеодан скрин

Жантүршігерлік жол апаты болып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға Жамбыл облысында 16 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігі мен шағын автобусқа соқтығысқан.

16 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық жолының 526-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Cadillac Escalade жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сосын, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Содан кейін Cadillac Escalade көлігі өз жолағына қайта шығып, Газель көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көлік өртенді, –делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында. 

Оқиға орнында 37 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы «Cadillac Escalade» көлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: