Жексенбі, 05 мамыр, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Түркияда қазақстандық туристер апатқа ұшырады

30.07.2023

248 0

Түркияның Анталья курорттық провинциясындағы Алания қаласының маңында қазақстандық туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға кінәлі микроавтобус жүргізушісі. Ол жол қиылысында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетті. Адамдар Алания мен Манавгаттағы ауруханаларға жеткізілді. Олардың алтауы ауыр жарақат алған. Ал гид пен Украина азаматы қаза тапқан.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

«Бүгін таңертең Аланияда жол бойында шағын автобус пен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыс салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Барлық мән-жайды анықтау үшін, қандастарымыздың жағдайына байланысты консул бірден осы өңірге кетті», – деп жауап берді департаментте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: