Дүйсенбі, 28 қазан, 14:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

Талғат Нағашыбаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, сазгер:Қазақ үшін патриоттық мереке

25.10.2024

752 0

Бүгінде көк байрағымыздың астында бақытты өскелең жас ұрпақ өсіп келеді. Әрине, бұл қуантарлық жайт. Өзім осы елімнің өркендеп өсуіне өз үлесімді тамшыдай болса да қосып келемін деп ойлаймын. Оның бір дәлелі, менің шығармам да патриоттық әндерім тыңдармандарға ұсынылып келеді. Айталық, «Жайна Қазақстаным», «Отаным» секілді әндер бар. Сонымен қатар бұл әндер осы күні үлкен сахналар мен мектептер және балабақшаларда орындалып жатыр. Яғни, болашағымыз саналатын балаларымыз патриоттық әндерді орындап өссе, одан артық бақыт бар ма деген ойда қаламын.
Олай болса, Республика күнінде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалатын мерекеде осындай жарқын да, бейбіт күніміз көп болсын дегім келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: