Сенбі, 07 желтоқсан, 23:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Жасыл Қызылорда» немен айналысады?

10.02.2024

810 0

Бұл – жаңадан құрылған мекеме атауы. Мұндағы мақсат қандай? Олар немен айналысады? Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Серік Қожаниязовтың төрағалығымен шаһарды көркейтуге, көгалдандыруға байланысты жиын өтті.  

Енді қаланың көркейту және көгалдандыру жұмыстарын үйлестіру үшін «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Осы жұмыстарды ұтымды үйлестіру мақсатында көгалдандыру, топырақ құрамын зерттеу, өсімдіктерді емдеу, зиянкестермен күресу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу үшін Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ және Әлихан Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ҒЗИ мамандары шақыртылды.

– Олар «Жасыл Қызылорданың» қызметкерлерімен тал егу, суландыру бойынша тәжірибе алмасады. Яғни алдағы уақытта облыс орталығын көгалдандыру жұмыстары ғылыми тұрғыда негізделіп, жоспары жасалып, ауқымды жобалар жүзеге асады. Арнайы келген мамандар қаланың бірқатар аумақтарын аралап, талдарға жасалуы тиіс күтімдер бойынша зерделеу жүргізді, – деді қала әкімі.

Мекемеге осы жылға жергілікті бюджеттен 585,7 млн теңге қаралды. Оның ішінде гүл, ағаш көшеті, тыңайтқыш пен құрал-жабдықтар алуға қаражат бөлініп, осы кезде мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Енді қаланың көркейту және көгалдандыру жұмыстарын үйлес­тіру үшін «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Осы жұмыстарды ұтымды үйлестіру мақсатында кө­галдандыру, топырақ құрамын зерттеу, өсімдіктерді емдеу, зиянкестермен күресу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу үшін Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ және Әлихан Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ҒЗИ мамандары шақыртылды.

– Олар «Жасыл Қызылорданың» қызметкерлерімен тал егу, суландыру бойынша тәжірибе алмасады. Яғни алдағы уақытта облыс орталығын көгалдандыру жұмыстары ғылыми тұрғыда негізделіп, жоспары жаса­лып, ауқымды жобалар жүзеге асады. Арнайы келген мамандар қаланың бірқатар аумақтарын аралап, талдарға жасалуы тиіс күтімдер бойынша зерделеу жүргізді, – деді қала әкімі.

Мекемеге осы жылға жергілікті бюджеттен 585,7 млн теңге қаралды. Оның ішінде гүл, ағаш көшеті, тыңайтқыш пен құрал-жабдықтар алуға қаражат бөлініп, осы кезде мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Былтырғы көктемгі науқан

Қаланы көркейту-көгалдандыру мақсатында былтыр жергілікті бюджеттен 484,7 млн теңге бөлініп, қызмет көрсетуші мекеме арқылы орталық аймаққа гүлдер мен газондар отырғызылды. Арық жүйелері та­зартылды, жасыл екпелер егіліп, суарылды.

Қызылорда қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Жібек жолы» және «Қызылжарма» арна­ларын күтіп-ұстау, пайдалану, сон­дай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына да бөлек қаржы бөлініп, бірталай жұмыс атқарылды. Сонымен қатар облыс­тық бюджеттен бөлінген 337 млн теңгеге 14 техникалық бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын көктем және күз мезгілінде қала аумағында көркейту және көгалдандыру екі айлығы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ шаһарды көркейту-көгалдандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 10,7 млн теңге бөлініп, көшелер бойына, сквер-аллеяларға, аяқсу баратын аумақтарға 23 000 түп көшет егілді. Аталған шараға 6000-ға жуық қала тұрғыны және 4000-нан астам мекеме қызметкері қатысты.

Одан бөлек, Бейбарыс Сұлтан көшесі, Абылай хан даңғылы, темір­жол вокзалы аумақтарына ауа-райына қолайлы, құрғақ, ыстық, шөлге төзімді жалпы саны 360 Сыр талы, терек, қарағаш және сәндік ағаш көшеттері отырғызылды. Ал сол жағалау мөлтек ауданына 29,7 млн теңгені құрайтын тереңдігі 80 метр болатын 2 техникалық су жинау ұңғымасын бұрғылау жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұл жоба сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы бойында орна­ласқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аяқсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Оған қоса қала аумағындағы талдарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Биыл да осы бағытта жұмыстар жалғасын таппақ.

Қаланың тазалығымен «Қызыл­орда тазалығы» айналысса, енді қаланы көгалдандыруға «Жасыл Қызылорда» жұмысқа кіріседі. Көктемге санаулы күн қалды. Жиын соңында қала әкімі тиісті сала мамандарына шаһарды көр­кейтуге бірлесе жұмыс істеуге шақырса, орынбасарлары мен бөлім басшыларына міндеттелген істің са­палы атқарылуын тапсырды.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

Суреттер қала әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: