Жұма, 29 наурыз, 11:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Шытырман жазу шеберлері

29.10.2022

630 0

2018 жылдан бері «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС ұжы­мы Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауын ұйымдастырып келеді. Кенже­леп қалған жанрды қайта жандандыру, детектив жазуға ынталылар қа­тарын арттыруды мақсат еткен бұл байқау биыл да жалғасын тапты. Біздің өңір үшін бір ерек­шелігі – байқаудың биылғы жеңімпаздары Сыр елінде ма­рапатталады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында байқауға байланысты ұйым­дастырушылар арнайы кездесу өткізді. Баспасөз жиынына «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС ди­ректоры Досымбек Өтеғалиев, республикалық «Заң газетінің» бас редакторы Айнұр Сембаева мен Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Нұрлыбек Мыңжас қатысты.

Жалпы бұл байқауды ұйым­дастыру маңызды екені бірінші жылда-ақ анық болды. Себебі алғаш рет жарияланғанда редакция қоржынына 72 шы­ғарма түскен. Міне, содан бері Заң корпорациясы үзбей бес жыл қатарынан байқауды ұйымдастырып келеді. Биыл бесінші рет өткелі отырған шытырман шығармалар бай­қауына Қызылорда облысының әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.

Редакция қоржынына биыл 106 шығарма түскен. Үміт­керлердің еңбегін сенатор Мұрат Бахтиярұлы, жазушы Серік Әбікенұлы,  Қызылорда облыстық сотының Соттар әкімшісі Сағатбек Сүлеймен, Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана басшысы Нұрлыбек Кәрібозұлы, «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС директоры Досымбек Өтеғалиев төрелік етті.

Тағы бір айта кетерлігі, осы уақытқа дейін өткен төрт байқау жеңімпаздарының шығармасы «ШЫТЫРМАН» деген атпен жеке жинақ етіп шығарылды. Кітаптың тұсаукесері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада өтті. Ал биылғы байқаудың жеңімпаздары Достық үйінде марапатталды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: