Дүйсенбі, 18 мамыр, 11:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

АЭС-ке дрон соққы жасаған соң мұнай бағасы күрт қымбаттады

18.05.2026

107 0

Фото: shutterstock

18 мамырда әлем нарығында Brent маркалы мұнай бағасы қайтадан көтерілді. Оған бір күн бұрын БАӘ-нің атом электр станциясы дрондар шабуылына ұшырауы себеп болды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Дүйсенбі күні сағат 09:00-де Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 111,21 доллардан саудаланып жатыр. Бес күн бұрын ғана оның бағасы 105 доллар шамасында еді.

Маңызды шикізат құнының көтерілуіне Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсыздығы, әсіресе Әмірліктерге жасалған шабуыл әсер етіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, 17 мамырда дрондардың бірі Абу-Даби қаласынан 220 км жерде орналасқан Барака АЭС-індегі электр генераторына түскен. Нысан өртенген. Әмірліктер шабуылды «лаңкестік әрекет» деп сипаттап, әскери қарымта қайтаруға құқылы екенін мәлімдеп үлгерді.

Әмірліктердегі жағдай Таяу Шығыста геосаяси ахуалдың әлі де тұрақсыз екенін анық көрсетіп отыр.

«Ирандағы жанжал жалғаса берген сайын, мұнай бағасының көтерілу қаупі де арта береді», – деп атап өтті Prestige Economics сарапшысы Джейсон Шенкер. Оның мәлімдемесін Reuters таратты.

Ирандағы соғыс 2026 жылғы 28 ақпанда басталған. Сол күні АҚШ пен Израиль күштері осы ел аумағындағы нысандарды атқылаған. Артынша Тегеран Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық базалар мен нысандарға, сонымен берге Израильге соққы берді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: