Сәрсенбі, 22 сәуiр, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

АҚШ пен Иран арасындағы үзіліс: Трамп бітім мерзімін ұзартты

22.04.2026

51 0

Фото: shutterstock

Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы уақытша бітім режимін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Таяу Шығыстағы шиеленістің кезекті толқынына аз уақыт қалғанда жасалып отыр. Алайда, дипломатиялық «тыныштыққа» қарамастан, әскери дайындық бәсеңдеген жоқ, – деп хабарлайды  kursiv.media

Дипломатиялық шарт

Трамптың мәлімдеуінше, атысты тоқтату режимі Тегеран өкілдері бейбіт реттеуге қатысты өз ұсыныстарын ресми түрде ұсынғанша және келіссөздер толық аяқталғанша күшінде болады.

Бұған дейін Вашингтон жариялаған екі апталық бітім мерзімі Астана уақытымен бейсенбінің таңында аяқталуы тиіс еді. Соңғы сәтте қабылданған бұл шешім тараптарға диалогты жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр. Дегенмен, Ақ үй басшысы АҚШ Қарулы күштеріне блокаданы жалғастыруды және кез келген уақытта «белсенді іс-қимылға дайын болуды» бұйырды.

Белгісіздік пен қысым: Екі оттың ортасында

Келіссөздердің қайта басталуы төңірегіндегі жағдай әлі де болса тұрақсызі. Бір жағынан кездесуге дайындық жүріп жатқаны туралы белгілер байқалса, екінші жағынан екі ел де бір-біріне деген қысымды арттыруда.

Иран әскерилері қақтығыс қайталанған жағдайда «дереу және батыл жауап» беруге дайын екендігін мәлімдеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: