Сенбі, 18 сәуiр, 18:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2240)
18.04.2026
PDF мұрағаты

АҚШ Ресей мұнайын қайта сатуға рұқсат берді

18.04.2026

41 0

Фото: shutterstock

Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігі Ресейден келетін шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сату жеткізу және түсіруге қатысты санкция шектеуін уақытша жеңілдететін жаңа лицензия жариялады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Ресми құжатқа сәйкес, ағымдағы жылдың 17 сәуіріне дейін танкерлерге тиелген ресейлік мұнаймен жасалатын мәмілелерге рұқсат берілді. Бұл жеңілдік шаралары 16 мамырға дейін күшінде болады.

Саяси деңгейдегі қарсылықтарға қарамастан, ресейлік мұнайға қатысты санкциялық қысымның кезекті рет бәсеңдеуі тараптар арасындағы экономикалық және энергетика мәселелер бойынша байланыстың әлі де жалғасып жатқанын аңғартады.

Жаңа лицензия бойынша, белгіленген мерзімде жөнелтілген қара алтынды сатып алуға және оны тасымалдауға заңды түрде жол ашылып отыр.

Айта кетсек, бұған дейінгі осы тектес лицензия 12 наурыз бен 11 сәуір аралығында әрекет еткен болатын. Осылайша, АҚШ тарапы мұнай нарығындағы операцияларды реттеу мақсатында тиісті рұқсат мерзімін тағы бір айға созды.

Ормұз бұғазының ашылуы туралы жаңалыққа байланысты нарық шұғыл реакция білдірді. 17 сәуірде WTI Crude бағасы $84.78-ге дейін (-10.47%), ал Brent Crude $89.69-ға дейін (-9.76%) төмендеген.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: