Anthropic АҚШ үкіметінің экспорттық бақылау жөніндегі талабынан кейін Fable 5 және Mythos 5 атты ең қуатты жасанды интеллект модельдеріне қолжетімділікті шектейтінін мәлімдеді. Reuters мәліметінше, билік бұл модельдер ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін деп санайды, – деп хабарлайды kursiv.media
АҚШ тарапы модельдердің қорғаныс жүйесін айналып өтіп, оларды бағдарламалық кодтағы осал тұстарды табуға пайдалануға болады деген қауіп айтқан. Anthropic бұл уәжбен келіспейді және мұндай шешім жүздеген миллион қолданушы пайдаланып жүрген коммерциялық өнімді тоқтатуға негіз болмауы тиіс деп есептейді.
Компания талапты орындау үшін Fable 5 пен Mythos 5 модельдерін барлық клиент үшін уақытша өшіруге мәжбүр екенін хабарлады. Басқа Anthropic модельдеріне қолжетімділік өзгермейді.
Reuters мәліметінше, бұл жағдай АҚШ-та жасанды интеллектіні реттеу мәселесіндегі шиеленістің күшейіп келе жатқанын көрсетті. Бұған дейін экспорттық шектеулер негізінен AI чиптері мен жабдықтарына қатысты болса, енді шектеу тікелей AI-модельдердің өзіне де қойыла бастады.
Айта кетейік, Anthropic компаниясы да IPO-ға шығуға өтініш тапсырғаны мәлім болған. Ол – ЖИ саласындағы әлемдегі ең ірі әрі ең озық зерттеу компанияларының бірі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
