Сейсенбі, 12 мамыр, 10:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

БҰҰ басшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

12.05.2026

43 0

Фото: freepik

MV Hondius круиздік кемесінен шыққан хантавирустың қоғамда өршу қаупі төмен. Бұл туралы 2026 жылдың 11 мамырында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол X платформасындағы аккаунтында аталған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, жазба жариялады.

«Қазіргі уақытта вирустың адам денсаулығына қаупі төмен болғанымен, MV Hondius кемесінің жолаушылары мен экипажын қоса алғанда, барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге денсаулық сақтау саласындағы халықаралық күш-жігерді бағыттау маңызды», – дейді Гутерриш.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен(ДДҰ) бірге хантавирустың өршу ықтималдылығын бақылау үшін шаралар қабылдап жатқан барлық мемлекеттің билігін қолдайтынын жеткізді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хантавирустың ағымдағы қауіп деңгейін бағалап, нақты мәліметтермен бөліскен болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: