Бейсенбі, 14 мамыр, 16:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Иран, Украина, Тайвань мәселелерін талқылады

14.05.2026

56 0

Фото: BRENDAN SMIALOWSKI/REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде келіссөз жүргізді. 2 сағат 15 минутқа созылған саммитте әлемнің ең ірі екі державасының басшылары Иран, Украина және Тайвань мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Бейжіңдегі саммит

Трамп Қытай астанасына 13 мамырда кешке барған, бірақ маңызды келіссөздер бүгін таңертең басталды. Бейжің Құрама Штаттар президентін сән-салтанатпен күтіп алды.

Келіссөздер жабық өтті. Трамп қытай басшысымен келіссөз қалай өтті деген сауалға «Бәрі тамаша» деп жауап берді.

Түске дейінгі келіссөздерден соң президенттер Бейжіңдегі Аспан ғибадатханасына барды.

«Ғажап. Керемет жер. Қытай тамаша», – дейді Трамп журналистердің Тайвань туралы сауалына тіке жауап бергісі келмей.

Әзірге Трамп бүкіл әлем көз тігіп отырған келіссөздерде нақты қандай мәселелер талқыланғаны туралы ашып айта қоймады.

Иран мен Украинағы соғыстар

Дегенмен Қытай мемлекеттік ақпарат құралдары жоғары деңгейдегі саммитте не айталғанын там-тұмдап бере бастады. Қытай баспасөзінің мәліметінше, Дональд Трамп пен Си Цзиньпин «Таяу Шығыстағы жағдайды» талқылаған.

Әлемнің ірі елдерінің жетекшілері «халықаралық және аймақтық маңызды мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай бойынша пікір алмасты» деп таратты Синьхуа ақпарат агенттігі. Бұған қоса, агенттік дерегінше, олар Украинадағы соғысты талқылаған.

CNN телеарнасының хабарлауынша, саммиттегі басты мәселелердің бірі – Трамп Си Цзиньпинді Ирандағы соғысты аяқтауға көмектесуге көндіруге тырысады. Өйткені Бейжің Тегеранның басты одақтасы. Қытай иран мұнайын көптеп сатып алып отыр, сол себепті оған ықпал ете алады, деп санайды телеарна.

Тайвань мәселесі

Қытай басшысы Си Цзиньпиннің мәлімдеуінше, Трамппен келіссөздерде тараптар «конструктивті стратегиялық тұрақты қарым-қатынас» орнатуға келіскен. АҚШ әзірге бүгінгі келіссөздер туралы есеп жариялаған жоқ.

Қытай сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, Си Цзиньпин «Тайвань проблемасы Қытай мен АҚШ қарым-қатынасының ең маңызды мәселесі» екенін атап өткен. Ол осы мәселе «өз деңгейінде шешілсе», қарым-қатынас та тұрақты болып қала беретінін мәлімдеген. Ал мәселе дұрыс шешілмесе, «аса қауіпті жағдай қалыптастыратын» жанжалға ұласуы мүмкін екенін ескерткен.

CNN мәліметінше, Тайвань билігі бірден жауап қатып, Қытайды өңірдегі тұрақсыздықтың «жалғыз көзі» деп айыптаған.

Трамп пен Си Цзиньпин әлі мемлекеттік банкетке қатысады. Бұдан бөлек, жоғары деңгейдегі келіссөздерге тағы бір күн бөлінген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: