Дүйсенбі, 11 мамыр, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Дубайда азық-түліктен гепатит пен норовирусты анықтайтын жаңа зертхана ашылды

11.05.2026

24 0

Фото: freepik.com

Дубай қаласында азық-түлік құрамындағы вирустарды анықтайтын жаңа зертхана іске қосылды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бұл — Біріккен Араб Әмірліктері аумағындағы осындай технологиямен жабдықталған алғашқы орталық.

Жоба туралы BRICS TV хабарлады.

Зертхана заманауи геномдық технологиялар негізінде жұмыс істейді.

Орталықта цифрлық полимеразды тізбекті реакция технологиясы қолданылады.

Бұл әдіс норовирус пен А және Е гепатиті вирустарын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

Технология күрделі үлгілерді зерттеу кезінде де тиімді нәтиже көрсетеді.

Атап айтқанда, сүт өнімдері, теңіз тағамдары, шырындар мен жаңа піскен көкөністер тексеріледі.

Зертхана тәулігіне 60 сынама өңдей алады.

Ал шұғыл жағдайда бұл көрсеткіш 100 үлгіге дейін ұлғайтылады.

Мамандардың айтуынша, нәтижені жылдам алу азық-түлік сапасын жедел бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ нақты дерек негізінде шешім қабылдау процесін жеңілдетеді.

Дубайдың орталық зертханасы елде алғаш рет азық-түлік өнімдерін вирусқа тексерудің осындай әдісін енгізіп отыр.

Билік бұл жоба азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, тұтынушылар сенімін арттырады деп есептейді.

Жаңа орталық университеттер мен ғылыми ұйымдардың бірлескен зерттеу алаңына айналмақ.

Болашақта елде азық-түлік вирустарының ұлттық базасын құру жоспарланып отыр.

Бұл санитарлық бақылау жүйесін күшейтуге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: