Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ-пен жүргізіліп жатқан диалогты Тегеранның берілуі ретінде қарастыруға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жасаған жазбасында Ислам Республикасы келіссөздерге ұлттық мүдделерді сақтай отырып, абыроймен және сенімді түрде қатысып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Иран халқының заңды құқықтарынан ешқашан бас тартпайтынын жеткізді.
«Диалог берілу дегенді білдірмейді. Иран Ислам Республикасы келіссөздерге абыроймен, беделімен және халықтың құқықтарын сақтай отырып қатысады және еш жағдайда өз халқы мен мемлекетінің заңды құқықтарынан бас тартпайды. Біз ақыл-парасатпен және бар күшімізбен соңғы деміміз қалғанша халыққа қызмет етіп, Иранның мүддесі мен абыройын қорғаймыз», – деп жазды Пезешкиан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
