Дүйсенбі, 11 мамыр, 18:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен

11.05.2026

24 0

Фото: Ашық дереккөз

Италияның солтүстігіндегі жағалауда орналасқан Валлекрозия қаласы интернеттегі іздеу жүйелерінің алгоритмін «алдап», туристерді көбірек тарту үшін ресми атауын өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерорта теңізінің жағасында, Франциямен шекараға жақын маңда орналасқан бұл шипажайға келушілер саны осы уақытқа дейін өте аз болған. Мамандар мұның басты себебін қаланың атауынан көрді.

Итальян тілінде «valle» сөзі «алқап» немесе «жазық» деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты интернетте жағажай демалысын іздеген пайдаланушылар Валлекрозияға тап бола алмай келген. Себебі Google және басқа да іздеу жүйелерінің алгоритмдері бұл қаланы теңіз жағалауы емес, тау бөктеріндегі мекен ретінде қабылдап, сәйкес нәтижелер шығарған.

Қала билігінің тапсырысымен жүргізілген маркетингтік зерттеулер атауды өзгерту қаланың танымалдылығын арттыратынын көрсетті. Нәтижесінде қаланың ресми атауына «al Mare» (теңіз жағасындағы) деген тіркес қосылды. Енді бұл мекен ресми түрде Vallecrosia al Mare деп аталады.

Қала әкімшілігі атауды жаңарту арқылы туристер ағыны айтарлықтай өседі деп үміттеніп отыр. Ал жергілікті тұрғындар үшін бұл өзгеріс бюрократиялық қиындықтар тудырмайды:

  • Пошта индексі бұрынғыша қалады;
  • Жеке құжаттар мерзімі біткен сайын кезең-кезеңімен жаңартылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: