Жұма, 08 мамыр, 11:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

Круиздік кемеде хантавирус жұқтырған жолаушылар саны сегізге жетті

08.05.2026

53 0

Фото: pixabay

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы MV Hondius круиздік кемесінің бірнеше жолаушысынан анықталған хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)  MV Hondius крузидік кемесінде хантавирустың сегіз жағдайы анықталғанын растады, оның ішінде үш жағдай расталса, қалған бесеуі болжамды күйде болып табылады. 

Бұған дейін Әулие Елена аралында 12 елдің азаматтары жағалауға жеткізілген, барлық елдің билігі ықтимал қауіп және олардың байланыстарын қадағалау қажеттілігі туралы хабардар етілген. Қазіргі уақытта бірнеше елдің денсаулық сақтау органдары дерттің өршуін болдырмау үшін бар күшін салуда. ДДҰ мәліметтері бойынша, вирустың инкубациялық кезеңі алты аптаға созылады.

Енді кеме Испанияның Канар аралдарына қарай бет алған. Кемеден эвакуацияланған екі жолаушы ауыр жағдайда емдеу үшін Нидерландыға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, үшінші эвакуацияланған адамда қазіргі уақытта ауру белгілері білінбейді, дегенмен оған да медициналық көмек көрсетілуде.

Эвакуацияланған жолаушылар арасында Ұлыбритания азаматы, 65 жастағы Германия азаматы және 41 жастағы голландиялық экипаж мүшесі де бар.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хантавирустан кейінгі халық үшін ағымдағы қауіптердің деңгейі қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: