Бейсенбі, 21 мамыр, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Сахара шөлінде адасып кеткен ер адам бес күннен кейін аман табылды

21.05.2026

35 0

Фото: magnific

Ливия шөлінде бес күн бойы із-түзсіз жоғалған Марван әл-Бахиджи тірі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Need To Know басылымының мәліметінше, Брега қаласының тұрғыны 12 мамыр, сейсенбі күні мұнай кен орнынан шыққаннан кейін жоғалып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, ол шөл далада жолынан жаңылып, кейін көлігі адам жетуі қиын аймақта бұзылып қалған.

Ер адамды іздеу бірнеше күнге созылған. Іздеу жұмыстарына еріктілер, жол талғамайтын көліктер мен авиация тартылып, әлеуметтік желілерде де кең ауқымды ақпараттық науқан жүргізілген.

Марван әл-Бахиджи Ливиядағы Джихарра аймағының оңтүстік-шығысындағы Рамль-81 («Құм-81») аумағынан табылған. Аптап ыстық пен сусыз қалу қаупіне қарамастан, оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Белгілі болғандай, ол бұған дейін өзі шөлге жалғыз сапарға шығудың қауіпті екенін айтып, адамдарды серіксіз жолға шықпауға шақырған екен.

Мамандардың пікірінше, оның аман қалуына көлігінің жанында қалғаны себеп болуы мүмкін. Себебі шөлде жаяу жүрген адамға қарағанда, көлікті әуеден де, жерден де табу әлдеқайда оңай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: