Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Айнұрдың қауынқұрты

07.09.2024

394 0

Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде қазір көп адам қауынқұрт жасауды біле бермейді. Дастархан мәзірінде де тек наурыз мерекесінде ғана қойылып жүргенін білеміз. Осы олқылықтың орнын қызылордалық кәсіпкер Айнұр Ермаханова толтырып жүр. Ол ұлттық дәмді жасаумен шектелмей, 2023 жылы ұлттық тағам ойындарына қатысып, жүлделі орын алған.
– 2018 жылдан бері осы халқымыздың дәстүрлі сүт, ет өнімдерін жасап шығарудамыз. Қауынқұрт, жент, мәйекпен ірімшік жасап та нарыққа шықтық. Түйе, жылқы, қой мен ешкі, сиыр сүтінен түрлі өнім өндіреміз. Мұны бізге итальяндық достарымыз үйретті. Осы кезде мал асырау өте ауыр. Биыл тек сиыр, түйе сүтінен үй жағдайында өнім шығарып жатырмыз. Қырғызстанға, Швейцар зауытына барып, біраз тәжірибе жинадық, – дейді А.Ермаханова.
Айтпақшы, кәсіп бастарда шикізат – ең өзекті мәселе. Бұл ретте кәсіпкер 2018 жылы несие рәсімдеген соң Сырдария ауданының Тереңөзек кентінен фазенда алып, кәсіптің бел ортасына еніп кетті. Түйе, қой, сиыр, жылқы асырап, етін бордақылап, сүт өнімдерін қаладағы сауда нүктелеріне өткізді. Бұл кәсіптің де берекесін көріп, жеке кәсіппен айналысудың қыр-сырын ұға бастаған ол мұнан әрі де кеңейтуді, өндіріске аяқ басуды ойлады.
– Бұл кәсіпті бастауымызға себеп болған нәрсе балаларымыздың жиі ауыруы еді. Астанадағы профессор дәрігер бізге далалық жерге, ауасы таза жерге барып тұруға кеңес берді. Балаларға ағарғаннан жасалған таза өнімдер тұтыну керек болды. Қауынды еккен емеспіз. Қараөзекте диханшылар қауын егіп, оны өткізе алмай, рәсуә болып тұрған жерден мен кірісіп, қауындарын ақша қылу үшін жәрдемдестім. Бір-бірімізге қолдау жасадық. Олар бізге масақ береді, малдың қыстық азығын солардан алдық. Егіншілерден қауынды алып, қауынқақ, қауынқұрт қайнатып, кептіріп, оларға жасалу жолын үйретіп, қауындарын далаға тастамай, біршама ақша жинады. Өнімнен өз үлесімді алып, қауынқұрт жасап, оны жәрмеңкеге шығардым. Шынында сұранысқа ие өнім деп ойлаймын. Құрамында ағзаға да керекті дәрумендер көп, – дейді кәсіпкер.
Қазақтың ұлттық тағамдарының тұтыну қайсысын алсақ та адам ағзасына өте пайдалы, жанға дауа, дертке шипа. Айнұрдың қауынқұрты да – табиғи таза өнімнің бірі.

Г.АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: