Бейсенбі, 09 мамыр, 02:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Депутат Зайытов министрлер мен әкімдердің балаларын әскерге жіберуді міндеттейтін норма енгізуді ұсынды

15.11.2023

493 0

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге міндеттеу туралы норма әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат осы уақытқа дейін лауазымды тұлғалардың әскерге шақырылғанын естімегенін айтты. 

«Сіз статистиканы айттыңыз, 90 пайыз ауылдың жастары келеді деп. Мен осы уақытқа дейін министрдің баласы, әкімнің баласы әскерде жүр дегенді естімеймін. Осы заңның аясында жоғары лауазымды тұлғалардың балаларын не өздерін 2 айлық әскери дайындыққа міндеттейтін норма қарастыруға бола ма?», – деді депутат қорғаныс министріне.

Министр Жақсылықов лауазымды тұлғалар әскерге балаларын жібергенін көпшілікке жариялай бермейтінін айтты. 

«Патриоттық деген жүректе болуы керек. Ол жария етілмейді. Бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов екі туған жиенін әскерге өзі маған алып келген. Бұрынғы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұлы элиталық мектепті бітірген соң десанттық-шабуылдау әскерінде әскери міндетін өтеп, қазір АҚШ-тағы әскери училищенің курсанты болып отыр. Бұл үлгі емес пе? Министр мен депуттардың ұлдарын бөлетін норманың қажеті жоқ деп есептеймін. Заң барлығына ортақ, тек оны кім қалай орындағаны маңызды», – деді Жақсылықов.

Айта кетейік, мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.
 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: