Бейсенбі, 02 мамыр, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

III Студенттік кеңес өтуде

15.11.2023

429 0

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы III Студенттік кеңес өтуде.

Жиынға студенттік кеңес мүшелері, өңірлік студенттік омбудсмендер, Қазақстан студенттерінің Альянсының төрағалары, белсенді студенттер қатысуда.

Аталмыш кеңесте, Қызылорда облыстық студенттік омбудсмен Сабыржан Бахытжанұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловқа 2023-2024 жылдарға арналған спорттық ойындар туралы («Usport» жобасы, «Студент барысы» жобасы) баяндама жасады.

– Қазақ баласы бозкілемге шығып, қарсыласын жығып, елдің туын асқақтатып, әнұранын шырқатып жатса тақымын қыспайтын қазақ жоқ шығар. Кешегі палуан атекеміз Қажымұқан Мұңайтпасұлының жасаған еңбегі айтпасада түсінікті. Жастардың тағы да бір сұрағаны қазақ күресінен республикалық «Студенттер барысы» турнирі. Турнирдің мақсаты ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, ЖОО студенттері арасындағы достық және бәсекелестік қатынастарды нығайту, ЖОО арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау, оны ұлттық идея деңгейіне шығару және халықаралық аренада беделін арттыру. Турнирге 16-24 жас аралығындағы кемі 10 мың студент қатысады. 2024 жылы пилоттық режимде іске асырылып, жоспардағы нәтижелерді беріп жатса әрі қарай жыл сайын дәстүрлі түрде қалыптасатын жобалардың қатарынан болса дейміз, – деді Сабыржан Бахытжанұлы өз баяндамасында.

Сондай-ақ, студенттік омбудсмен ретінде жасаған жұмыстары ескеріліп Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатына ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: