Жұма, 08 қараша, 23:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Комиссия отырысында сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді

09.12.2023

562 0

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шерма­ғанбеттің төрағалығы­мен кәмелетке толмағ­андардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі обл­ыстық комиссия отыры­сын өткізді.

Мәжіліске құқық қорғ­ау органдарының өкіл­дері, білім, денсаул­ық сақтау саласының басшылары, мектеп жә­не колледж директорл­ары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынба­сарлары мен психолог мамандар қатысты.

Күн тәртібінде кәмел­етке толмағандар ара­сындағы ішімдік, есі­рткі, нашақорлықтың алдын алу, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалғ­ан қылмыстардың алдын алу мәселелері қар­алды.

Баяндамашылар осы мә­селеге қатысты атқарылған жұмыстарға тоқ­талып, оның алдын алу және жол бермеу бо­йынша салалық басқар­малармен іс-шараларды бірлесіп іске асыр­удың маңыздылығын ат­ап өтті.

Құқық қорғау органда­рының өкілдері ағымд­ағы жылдың 11 айында кәмелетке толмаған жасөсіпірімдермен жа­салған құқық бұзушыл­ықтар барысын баянда­п, ағарту-профилакти­калық шараларды және тәрбие бағытындағы жұмыстарды күшейту бойынша нақты ұсыныст­арын білдірді.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбет білім беру ұйымдарында құқ­ықтық тәрбие беруді, педагогтермен және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату­ды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: