Сәрсенбі, 24 сәуiр, 08:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылжарма: Көптен күткен жаңа мектеп салынады

24.11.2022

646 0

«Әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер қызметіне осылай баға беретінін айтты. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» демекші халықпен жақын болып, әлеуметтік  желі арқылы олардың сұрақтарына жауап беруді міндеттеді.

Осы орайда қала әкімі Асылбек Шәменов осы жылдың қыркүйек айында Қызылжарма ауылдық окурігінің халқымен кездесіп, ауылдағы атқарылған жұмысымен танысып, тұрғындардың түйіткілді мәселесін тыңдаған еді. Міне, араға екі ай уақыт салып, қала әкімі қызылжармалық тұрғындармен кездесті. Бұл жолы қала басшысы  халықтың көптен күткен  ақжолтай жақсы жаңалығын ала келді.  Ауыл тұрғындарының басты мәселесі жаңа мектеп салу еді. Себебі, оқушы көп, мектеп жетіспейді». Бұл мәселе қашан шешіледі деген қызылжармалықтардың сұрағына бүгін қала әкімі Асылбек Шәменов  нүкте қойды.

Соңғы бес жылда аталған елді мекеннің аумағы бірнеше есеге ұлғайып, тұрғындар саны 15 мыңға жетті. Халық санының артуына байланысты инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандар салу секілді мәселелер белең алды.

Оның ішінде  мектеп мәселесі – басты орында. Осыған орай қала әкімі тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып, Қызылжармадан арнайы орын белгіленіп, келер жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында игілікті іс бастау алатын болды. Толығырақ айтсақ, Қызылжарма ауылдық округінен 900 орындық білім ұясының құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, ерекше айта кететін тағы бір ауқымды жоба – ауылдағы 35 көше жөнделетін болады. Оған бүгінде бюджеттен 1 млрд. 600 млн теңге бөлініп отыр.

Сондай-ақ, келер жылдың жаз айында ауыл орталығынан заманауи үлгідегі жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі. Осылайша елді мекен жаңаша кейіпке енеді. Жағымды жаңалықтарымен бөлісе келген қала әкімі Асылбек Шаменовке тұрғындар алғыстарын жеткізіп,  ақ батасын берді.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: