Сенбі, 09 мамыр, 13:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

09.05.2026

68 0

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1945 жылы Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рәсім барысында Мәулен Әшімбаев Жеңіс күні ұлт жадынан өшпейтін және әр қазақстандық отбасы үшін ерекше мәнге ие қастерлі дата екенін атап өтті. Сондай-ақ Палата Спикері Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы күндері еліміз бойынша ауқымды іс-шаралар мен тағылымды кездесулер өткізіліп жатқанына назар аударды. Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған мұндай жиындар майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің рухына тағзым етуге және олардың жанқиярлық ерлігін өскелең ұрпаққа дәріптеуге арналады.

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

«Біз бұл күні сұрапыл соғыста от кешкен аға буынның жанқияр ерлігі мен қайсар рухына тағзым етеміз. Соның аясында бүгін еліміздің барлық өңірінде ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, майдангерлердің ерліктері дәріптеліп жатыр. Мереке қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін марқұм Кенжебай Мәденовке «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл шешім – тарихи әділдікті қалпына келтірудің жарқын көрінісі. Шын мәнінде, мұның бәрі – өскелең ұрпақ бейбітшіліктің қадірін түсініп, патриот болып қалыптасуына ықпал ететін қадамдар» – деп, Мәулен Әшімбаев ардагерлерге және олардың отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Іс-шараға ардагерлер ұйымдарының өкілдері, күш құрылымдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер және Парламент Сенатының депутаттары қатысты

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: