Бейсенбі, 02 мамыр, 12:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Tele2 және Altel ұялы байланыс операторы Катар компаниясына өтеді

14.02.2024

350 0

Фото: Kazinform

«Қазақтелеком» АҚ мен Қатар елінің Power International Holding W.L.L. компаниясы «МТ-С» сатып алу шарттарын айқындайтын қағидаттар туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ-ның Коммуникациялар департаменті хабарлайды.

Қазақстанның ірі телекоммуникациялық операторы «Қазақтелеком» өзінің мобильді активтерінің бірі – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/ALTEL брендтері) Таяу Шығыстың жетекші конгломераты – қатарлық Power International Holding-ке сатуды көздеп отыр. Қағидаттар туралы үш жақты келісімге («Самұрық-Қазына» АҚ) бүгін тараптар Қазақстан Президентінің Қатар еліне ресми сапары шеңберінде қол қойылды.

«Келіссөздерді жақында ғана бастадық, әрине, бүгін Power International Holding компаниясымен алдын ала келісімге келдік. Алдағы уақытта сату-сатып алудың барлық шартты рәсімдерін талқылап, бекіту қажет. Сондықтан нақты сан, мәміле сомасы туралы айтуға әлі ерте. Біз стратегиялық инвестор ретінде Pih сияқты беделді және тұрақты компанияның ниет білдіргеніне ризамыз, себебі ол Қазақстанда танымал компания. Елімізде холдингтің көптеген жобасы бар әрі олар айтарлықтай табысты», – деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Power International Holding – бұл экономиканың түрлі секторларын қамтитын Қатар конгломераты. Компанияда 65 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді, әлем бойынша 1000-ға жуық түрлі жобалар іске асырылуда. Мәселен, 2022 жылдың қазан айында Қатар Әмірінің Қазақстанға ресми сапары аясында холдинг Астанада құны 300 миллион долларға жуық ірі халықаралық медициналық кешен салу туралы меморандумға қол қойған болатын.

«Біз Қазақстанда ұялы байланыс операторын сатып алу туралы келісімге қол қойғанымызға әрі инвестициялық ахуалы өте қолайлы және іскерлік орта дамыған сіздің еліңізде Pih бизнесін кеңейтіп жатқанымызға өте қуаныштымыз» – деді Power International Holding W. L. L. төрағасы Мұхаммед Мутаз Әл-Хайят.

Еске сала кетейік, «Қазақтелеком» АҚ тобына кіретін операторлардың бірін сату туралы әңгіме көптен бері бәсеңсіген емес. Дегенмен бұған қатысты нақты шешім осы күнге дейін айтылмады. Биыл 20 қаңтарда экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС сату туралы шешім қабылданған болатын әрі бүгін Қатарда «Қазақтелеком», «Самұрық-Қазына» және Power International Holding қол қойған келісім шеңберінде «МТ-С» 100% үлесін сатып алудың негізгі шарттары туралы уағдаласты.

Айта кетсек, 2019 жылы «Қазақтелеком» «МТ-С» -тың 100% үлесін иеленді. Бүгінде ол Қазақстандағы ең ірі ұялы байланыс операторы, оның телеком-қызметтері мен цифрлық сервистерін 7 миллионға жуық адам пайдаланады. Компания консорциумға қатысушылардың бірі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: